Байбек: Тиін алматылықтарды дәл сипаттайды - сіз бен біз секілді
2018 ж. 23 тамыз
2448
0
Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Атакент" көрмесінің маңындағы үлкен тиін туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Білім беру жұмысшыларының тамыз жиналысында қала әкімі арт-жобаға тартылған қаражат әлдеқашан орнын толтырғанын атап өтті.
"Тиін туралы, яғни Алматы жайлы көптеген әлемдік БАҚ - BBC, Fox News, New York Post, қазақстандықты айтпағанда қаншама ресейлік масс-медиа тегін жазды. Тиінға салынған ақша осында ақпараттық әсер болмаса орнын толтыра алмаушы еді. Енді келген туристер бірінші орыннан "Сіздердің тиін қайда? Көргім келеді" деп сұрайды. Қазақстанның басқа қаласынан да "Шымбұлақ", "Медеу" үшін емес тиін көруге келеді", - деді Байбек.
Сонымен қатар, қала әкімі алматылықтардан осындай әрекетті күткенін айтты.
"Шындықты айтсам, тұрғындардан осындай әрекет күткенбіз. Тиін алматылықтардың жаңа, басқаға ұқсамайтын нәрсеге, алға жылжуға дайындық индикаторы болды. Тиін алматылықтарды дәл сипаттайды - әрдайым қимыл-қозғалыста, қамын ойлап жүреді, біз бен сіз секілді. Жоба авторлары айтқандай, оның үлкен өлшемі де алматылықтарды сипаттайды. Біз көбіне жағдайды қиындатып жібергенді жақсы көреміз. Тағы да тиін - таза ауа, таза су, жасыл ағаш. Ол тек тірі табиғатта өмір сүреді. Ол нағыз алматылық жануар. Осымен де автордың айтқысы келгені маңызды", - деді Байбек.
Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Алматыдағы "Атакент" сауда орталығында биіктігі 12 метр, салмағы 12 тоннаны құрайтын тиінді салған еді. Ол сабан, металл мен ағаштан жасалған. Мұндай арт-құрылыстың бағасы 23 миллион теңге. Жоба авторы суретші Алекс Ринслер.