Алматыда көлік қағып кеткен бала өзін әкесінің ұрғанын жоққа шығарды
2018 ж. 17 тамыз
3615
0
Әлеуметтік желіде Алматыдағы шығыс айналма жолында көлік қағып, тал түбіне тасталған 4 жасар баланың өзіне кімнің жарақат келтіргенін анасына ыммен көрсеткені жазылған видео пайда болды, деп жазады Stan.kz.
Онда бала анасының сұрақтарына жауап беріп, өзін әкесінің ұрмағанын ишаратпен түсіндіреді. Баланың түсіндіруі бойынша оны көлік қағып кеткен.
Сондай-ақ, видеодан Мұхаммедтің үйде басқа балалармен ойнап отырғанын көруге болады.
Айта кетейік, баланың денсаулығы оңалып ауруханадан шығарылды.
Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Шығыс айналма автожолында белгісіз жүргізуші 4 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан. Әлеуметтік желілерде баланың отбасының таныстары хабарлағандай, жүргізуші баланы қағып кеткеннен кейін оны көрпеге орап, жолдың шетіне тастап кеткен. Алайда, кейін баланы туған әкесінің таспен ұрып, есінен тандырғаны белгілі болды. Сот отырысында туған ұлын соққыға жыққанын мойындаған әке істеген ісіне өкінетінін айтып, сотта жылап жіберген.