Елбасы мемлекетті діни экстремизмнен қорғауға шақырды

5 Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев діни ұйымдар қызметін бақылауды күшейту керектігі туралы айтты. Дінаралық мәселелерге келсек - біз міндетті түрде тиісті заң қабылдап, өзгертулер енгізуіміз керек. Әңгіме ождан бостандығына тыйым салу туралы емес, әңгіме мем­лекетті діни экстремизмнен қорғау қажеттігі туралы болып отыр, барлық мемлекеттер солай жасайды, - деді Ас­танада Қазақстан парламенті пала­та­ларының бірлескен отырысында сөйлеген президенті Назарбаев.