«Қазақстан» тек қазақ тілінде сөйлейді

77 Көптен бері айтылып келе жатқан зор мәселе жемісті күзде жемісін берді. 1 қыркүйектен бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасы 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тек мемлекеттік тілде хабар тарата бастады. Телеарнаны толық мемлекеттік тілге көшіру туралы тапсырманы Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев үстіміздегі жылғы наурыз айында жыл сайынғы дәстүрі бойынша елдегі жетекші ақпарат құралдары өкілдерімен болған кездесуінде берген болатын. «Бұл қазақ тілінің мәртебесін арттыруға бағытталған және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында зор мәнге ие шара болмақ»-деп атап өтті Мемлекет басшысы. Жаңа басшы, белгілі журналист Нұржан Мұхамеджанова басқаратын «Қазақстан» ұлттық арнасы жаңа телевизиялық маусымда өз көрермендеріне әр түрлі жанрдағы қызықты жобаларды ұсынбақшы. Атап айтқанда, «Екі жұлдыз» музыкалық шоуының 4-ші маусымы, белгілі қазақстандық режиссер Ахан Сатаевтың «Болашақ» бағдарламасы түлегінің тағдыры туралы түсірген «Болашақ» атты телесериалы. Сонымен бірге, «Саз толғау» музыкалық-танымдық ток-шоуы, «Дауа» атты телевизиялық медициналық емхана жобасы, «Алаң» пікірсайыс клубы, дәстүрлі ислам дінінің өмірлік қағидаларын талдауға арналған «Иман айнасы» хабары, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «20 жыл: Тәуелсіздік шежіресі» атты Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдерінен сыр шертетін 20 сериядан тұратын документальді фильм, қазақстандықтардың шынайы өмірін суреттеген «Отандастар» атты документальді фильм, еліміздің индустриялық даму бағыты талқыға салынатын «Даму» ток-шоуы және т.б. Жаңалықтар топтамасының берілу форматы да жаңартылды. Арнаның жаңа­лықтар қызметі көрермендерді күніне алты рет еліміз бен әлемде орын алған маңызды жаңалықтардан хабардар етіп отырады.