Доссор кен орнына – 100 жыл!

кай «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қ.Қабылдин Доссор кен орнының 100 жылдығына арналған ресми іс-шараларға қатысты. Қазақстан Республикасының Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні қарсаңында Атырау қаласында және Атырау облысының Доссор кентінде, Доссор кен орнының 100 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар өтті. Онда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылдин Атырау қаласындағы «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының мұнай даңқы мұражайы бар жаңа кеңсе ғимараты құрылысының негізін қалау салтанатына қатысты. Сонымен қатар, Доссор мұнайының алғашқы мұнайшылары Батыс Қазақстанның басқа да мұнай кен орындарын игерудің қарлығаштары болды. Батыс Қазақстанның мұнай саласының дамуына өз үлесін қосқандардың атына Доссорда «Доссор мұнайына 100 жыл» ескерткіш тұғыры мен Мұнайшылар даңқы саяжолы ашылады, - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасы Қайыргелді Қабылдин. Доссор кентіндегі мерейтойлық іс-шаралар шеңберінде 80 орындық, балаларға арналған қазіргі заманғы жабдықтармен, жиһаз бен ойын аттракциондарымен қамтамасыз етілген «Ботақан» бала бақшасы ашылды. Сондай-ақ Доссор кентінде дене-шынықтыру сауықтыру кешені қайта жаңартылып, күрделі жөндеу жүргізілді, тренажер және күрес залдары салынған.