ОРЫСТАР НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
2018 ж. 06 тамыз
8304
0
Ресми Мәскеудің уақыт өткен сайын алаңдайтын мәселесі аз болмай тұр. Қайтсін енді, бұрын 70 жыл бойы импералистік пиғылынан айнымаған ел әлі де ТМД кеңістігіндегі кейбір мемлекеттерді уысынан шығарғысы келмейді, - деп жазады aikyn.kz.
Бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған бірқатар мемлекеттердің арасында тәуелсіздік алғанымен, Мәскеу жаққа қарағыштап қоятындары да бар. Әдет шығар. Бірақ әлі де интеграциялық ынтымақтастықты желеу етіп, Ресеймен одақтастықтың орны үлкен екендігін саяси ұпай санайтындар жетерлік. Мәскеу де мұндай мемлекеттерді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстағысы келеді. Сондықтан да болар, ресми Мәскеу мен орыс сайттары посткеңістіктегі өзге елдердің дербес саясат жүргізгенін қаламайды. Өйткені қазір Путин басқарған мемлекеттің Украина мен Грузиямен еш байланысы жоқ. Екі ел де Батысқа және АҚШ-қа қарай бет түзеді. Дербес саясатын қолға алды. Қос ел қанша тайталасса да, территориялық тұтастығынан айрылды. Молдовада да осы жағдай. Мәскеу аталған үш елдің аумағында халықаралық қоғамдастық мойындамаған, өзінің ғана сөзін сөйлейтін «қуыршақ мемлекеттер» құрып алды. Әлемнің алпауыт елдері қанша рет қысым жасап, санкция салса да, кесірткелік әлі бар Мәскеу өзінің астамшылық саясатын қояр емес.
Ақпараттық озбырлығынан айнымайтын орыс сайттары да анда -санда Қазақстанға «ауыз салып» қояды. Арменияда басқару билігі ауысқанда, қатты алаңдаған Мәскеу ТМД кеңістігінде ең жақын одақтасы «Қазақстан мен Белоруссияда да осындай жағдай орын ала ма?», деп қорқатынын байқатып қояды. Өткен аптаның соңында pravda.ru сайтында Любовь Степушова деген біреу «Мәскеу Қазақстан мен Белоруссияда билік ауысуына дайын ба?» деген мақала жариялады. Біз қазақшаға аудармай-ақ, сөзбе-сөз түсінікті болу үшін осы мақаланың өзімізге қатысты тұстарын сол қалпында жариялағанды жөн көрдік.
«В обеих странах активно действуют американские соросовские фонды, которые формируют критическую массу для дискредитации действующей власти, поддерживая националистов. Эти люди, получившие образование на Западе, в Казахстане уже сидят в чиновничьих креслах, а в Белоруссии — на подходе к власти. В Белоруссии, скорее всего, западные спецслужбы пойдут на силовой вариант захвата власти, для этого в соседней Украине готовят сотни боевиков. В Казахстане обойдутся тихим уличным переворотом по примеру Армении. Репетиции уже были — в Белоруссии — в 2006 году, а в Казахстане совсем недавно, в 2016 году, когда на протесты против продажи земли китайцам вышли все крупные города».
…«В Казахстане всерьез рассуждают о вступлении страны в НАТО и уже ведут с блоком совместные программы и учения. Астана предоставила свои порты на Каспии для перевалки грузов НАТО в Афганистан. В ближайшие годы рост казахского населения с «тюркским самосознанием», омоложение возрастного состава, изгнание русских из властных структур создадут в этом государстве большую любовь к Саудовской Аравии, что не противоречит не менее огромной любви к Западу».
Тәуелсіздігін халықаралық қоғамдастық мойындаған ел қандай саясат жүргіземіз десе де, өз еркі ғой. Бұл интеграциялық ынтымақтастық арқылы иліктіру мен ырқына көндіру саясаты десек, ол шындық. Анығы, ресми Мәскеу ұлтшылдардың билікке келуінен қорқады. Қалай айтқанда да, дұрыс позиция емес. Жекелеген адамдардың пікірі шығар, алайда біздің биліктің мұндай көзқарастарға батыл тойтарыс бермейтіні қынжылтады.
Ақиқаты, ақпараттық мылтықсыз майданда қашанға ұтыла береміз?
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ