ШҚО-да 3 мың теңге үшін қатарластары 11 жасар балаға жанармай шашқан
2018 ж. 25 шілде
2823
0
ШҚО-да 11 жастағы Нұрәлі есімді балаға қатарластары 3 мың теңге бермедің деп, үстіне жанармай шашып жіберген. Абайсызда жанып тұрған отқа тиіп кеткен баланың денесі өртке оранған. Салдарынан оның денесінің 85 пайызын күйік шалыпты.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Өрт салдарынан үстінің сау-тамтығы қалмаған Нұрәлінің жүріп-тұруы да қиындаған.
«Содан мен жүгіріп қақапаға барсам, денесі бәрі бір түрлі. Ұқпай қалдым. Не болғанын сұрадым. Ол: «Мама, мені жақты деп айқайлады. Балама жүгіріп бардым, аяғым жүрмей қалды. Қасына барсам жанған. Денесінің бәрі. Не болғанын сұрадым. Ол: «Біреуі ұстап тұрды, біреуі шашып жіберді маған», – деді», – дейді Нұрәлінің анасы Айгүл Смағұлова.
Қазір Нұрәлінің беті бері қарап, балдақпен қозғалатын болған. Ал шетелдік дәрігерлер оған жасанды тері салу керектігін айтып отыр. Алайда бұған дейін Нұрәліге 9 ота жасалғандықтан, жүрегі көтермей қалуы мүмкін деп қорыққан дәрігерлер жасанды тері салу отасын кейінге шегеріп отыр.
«Құлағым жазылып кетсе, жақсы болар еді. Денем, қолым, қолтығым, аяғым жазылып кетсе, күшті болар еді. Жүре алмаймын. Футбол ойнағым келеді», – дейді 11 жасар Нұрәлі Сейітбатталұлы.
Қазіргі уақытта Нұрәлінің анасы төрт баласымен Астанада шағын ғана пәтер жалдап тұрып жатыр. Баласының сауығып кетуін тілеген анасы оның емі үшін көпшіліктен көмек сұрауда.