Президенттің туыстары өздері ұшу үшін 160 жолаушыны ұшақтан шығарып жіберген
2018 ж. 23 шілде
6555
0
Түрікменстан Республикасының президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың туыстары өздері ұшып кету үшін ұшақтың барлық жолаушыларын рейстен алып тастады. Оқиға шамамен бір ай бұрын Туркменабат – Ашхабад әуе бағытында орын алды.
Бұл туралы «Азатлық» басылымына куәгерлер хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Президенттің жақын туысы отбасымен бірге төрт күнге Койтендагқа демалуға келді. Олар қайтарда арнайы тікұшақ уақытында келмегендіктен, тұрақты рейстің жолаушылары ұшырылмай, олардың орнына президенттің бүкіл отбасы жіберілді. Ал, жолаушыларға ешкім ештеңе түсіндірмеген», – дейді Туркменабат әуежайының өкілі.
«Жолаушыларды рейстен алып тастамаса да, президенттің туысының отбасы үшін ұшақта жеткілікті орын болды. Олар осыған қарамастан, барлық жолаушыларды ұшақтан шығарып, сонда қалдырып кетті. Әуежайда қалған жолаушылар өздерінің наразылығын білдіріп, әуежай басшылығына бірауыздан шағымданды», – деп хабарлады тағы бір дереккөз.
Соның нәтижесінде 160 –қа жуық адам қолдарында билеттері бола тұра, ұшаққа кіре алмады. Ал, жанжалдың күшейуінен қорыққан әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлері қосымша ұшақ табуға тырысып еді, бірақ одан ештеңе шықпады. Ұшақтан шығып қалған жолаушыларға Ашхабадқа келесі күні ұшып баруға тура келді, ал шұғыл жұмыстары бар адамдар таксимен жетуге мәжбүр болды.