Марғұлан Сейсенбай: Қылмыс – қоғамның тұрақсыз экономикаға қалыпты жауабы
2018 ж. 22 шілде
3694
0
[caption id="attachment_87922" align="aligncenter" width="634"] Коллаж әлеуметтік желіден алынды[/caption]
Кәсіпкер Марғұлан Сейсенбай Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдірді. Өз сөзінде ол Денис Теннің қазасына қоғамды кінәлады.
«Халық санына шаққанда полиция санынан біз дүниежүзінде 6-орындамыз. Криминалдың құтыруы менттердің парақорлығынан», - дей келе қайғылы оқиғаның орын алу себебін былай деп түсіндірді.
«Әрине, Денис Тенмен болған қайғылы оқиғада күнәні менттерге, қылмыскерлерге, базарларға, өзімізге т.б. нәрселерге артуға болады. Бірақ болған оқиғаның түп тамырын мына сөз жақсы сипаттайды: «Қылмыс – қоғамның тұрақсыз экономикаға қалыпты жауабы», - деп жазды Марғұлан Сейсенбай өзінің Instagram-дағы парақшасында.