ТҰРҒЫН-ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ШАҒЫМ КӨП

«Ақ жол» фракциясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының іс жүзінде жүзеге асырылуын бақылауды күшейтуді талап етті. Партия фракциясының тиісті депутаттық сауалын Меруерт Қазбекова мәлімдеді. ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж.М.Қасымбекке ба­ғыт­талған сауалда мемлекет басшы­сы­ның «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында қойыл­­ған міндеттерді іске асыру мақ­сатында 2011 жылы Қазақстан Респуб­ли­касының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша бағдарлама қабылданып, оның міндеттерінің бірі азаматтар үшін кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін ағымдағы және күрделі жөн­деу­ден қайтарылатын мемлекеттік қаражат есебінен өткізу арқылы жағ­дай жасау болып табылатыны айтылды . Осы тапсырмаларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға жыл сайын трансферттер бөлінеді. Бағдарламаға қатысу үшін заңнама талаптарына сәйкес кондоминиум құру және заңнама ережелерін, жаңғыртуды жүргізу тәртібін түсіндіру арқылы тұрғындардың жалпы жиналысын өткізу қажет. Содан кейін оның қортындысы бойынша хаттама жасалады. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлегеннен кейін және кондоминиумға қатысушылардың жиналысында мақұлданғаннан кейін, қосалқы мердігерлік ұйым келісіледі, ай сайынғы төлемдердің мөлшері бекітіледі және атқарыл­ған жұмыстарды орындауға қатысуға өкілдер таңдалады. Кондоми­ниум­ның басшылығы осы және басқа құ­жаттарды жергілікті әкімдіктің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бас­қар­масына жібереді, содан кейін нысанды жаңғырту туралы келісім жасалады. Алайда, бұл талаптар толық орындала бермейді. «Ақ жол» фрак­ция­сының депутаттары өңірлік сапарлар барысында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының бар­лық кезеңдерінде заңнаманың та­лаптарының бұзылуына қатысты жер­гілікті тұрғындардан көптеген өтініштер айтылды. Пәтер иелерінің кооперативі (ПИК) жалған келісімшарттар бойынша тұрғындарға барлық уақыт ішінде тиісті деңгейде көрсетілмеген қызметтер үшін ақы төлеткізіп, сондай-ақ, тұрғындарға айтпастан өздері белгілеп алған мердігерлермен күрделі жөндеуді жүргізу үшін көте­ріңкі бағаға келісімшарттар жасасады. Бұдан басқа, күрделі жөндеу жұмыстары мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау, өртке қарсы қызмет, сәулет және қала салу құ­рылысы органдарының қатысуынсыз жүзеге асырылады, соның салдарынан – үлкен заң бұзушылықтар орын алған жағдайлар кездесуде. Осы және басқа да фактілер көптеген мемлекеттік және сот органда­рының назарына ілікті және депутаттар алдында да көтерілді. Алайда, құқық қорғау органдарымен бұған қатысты іс қозғалғанына, соттардың келісім-шарттар мен жұмысты қабылдау актілерінің жарамсыз деп тану туралы шешімдеріне қарамастан олардың себеп-салдарын және анықталған бұзушылықтарды жоюға ешкім де асығар емес. Мәселен, Көкшетау қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасына енген көптеген көп қабатты үйлерде жобалық құжаттамасына сай шатырды 0,7 мм-ден кем емес қалыңдықтағы металл шатырмен ауыстыру қарастырылған. Алайда, іс жүзінде бүкіл қала бойынша мердігерлер ешкімнің рұқсатынсыз өз еркімен одан екі есе жұқа материалдарды қолданған, ол тиісінше арзанға жоспарланған. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстар жөніндегі актіде бұл материал жобалау-сме­талық құжаттамаға енгізілгенге сәйкес келеді деп тұрғындардан қалыңдығы 0,7 мм материал үшін ақша төлеуді талап етеді. Ал, бұл дегеніңіз – бір мың шаршы метрді ғана құрайтын шатырлар емес. Төбе жабындысы материалдарына қатысты бұзушылықтардан басқа мердігерлер ескі төбені бөлшектеу кезінде ағаш шатырдың қаңқасын ауыстырмай, сондай-ақ мұндай жағдайда міндетті түрде жүргізілуі тиіс болатын ағаш материалдарды оттан қорғайтын арнайы төсеммен өңдеу, жылыту, желдету шахтасы құрылғысын орналастыруды орындамайды. Осылайша, ҚР ережелері мен санитарлық нормаларды өрескел түрде бұзылады. «Ақ жол» депутаттық фракциясы осы жәйіттерді көрсетіп, министрден келесі сұрақтарға жауап беруін сұрады: 1. Тұрғын үй-коммуналдық ша­­руа­шылықты жаңғырту бағдар­лама­сының іс жүзінде жүзеге асырылуына бақылау қалай жүргізіледі? 2. Сапасы қалай бақыланады, қол­данылатын материалдардың және орындалған жұмыстардың стан­дарттарын сақтау, сондай-ақ кепіл­дендірілген мерзім ішінде мерді­герлердің өз міндеттемелерін орындауы қалай қадағаланады? Сапасыз жөндеу жұмыстарына негізгі себеп болып отырған осы сұрақ­тарға енді министр жауап беруге тиісті. qazaquni.kz