Алаш астанасы болған Семей Патшалы Ресейдің гербінен қашан арылады?
2018 ж. 12 шілде
5471
0
Редакциямызға Семей қаласының тұрғыны, қоғам белсендісі Ержан Шаяхметұлынан хат келді. Аталмыш хатта ол Семей қаласынының гербіне қатысты мәселені қозғап, бұл іске қоғамның назарын аударуды өтінді. Біреу білсе, біреу білмес, Алаш астанасы болған Семей шаһарының гербінде әлі күнге дейін патшалы Ресейдің таңбасы бейнеленіп тұр. Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр болса да, әлі отарлану белгісінен арыла алмай жүргенімізге кім кінәлі деген сұрақ туындайды. Қоғам белсенділері бұл мәселені жеріне жеткізіп көтеріп-ақ жүр. Алайда, жергілікті билік тарапынан бұл мәселені реттеуге деген еш ниетті байқап отырған жоқпыз.
Хат мәтінін еш өзгеріссіз ұсынамыз:
Құрметті Қазыбек аға!2018 жылы 10 шілде күні Семейге «Ақ жол» партиясының Мәжіліс депутаттары Берік Дүссенбинов пен Ерлан Барлыбаевтар келді.
Орталық кітапхананың мәжіліс залында өткен қала тұрғындарымен болған кездесуге арнайы барып сөз алдым. Халық қалаулыларынан Семей қаласына герб қабылдауға қарсылық танытып отырған ШҚО әкімдігі мен Семей қаласы әкімдігінің әрекеттерін қаншалықты заңды екендігін Парламентте көтеруге өтініш жасадым.
Өйткені, ШҚО, Семей әкімдігі жауап хаттарында Алматы мен Астанадан басқа қалаларда герб болуы заңға қайшы деп отыр. Бұл жауаптары арқылы бүкіл Қазақстанның облыстары мен қалаларының осы уақытқа дейін қабылданған гербтерін де жоққа шығарып отыр. Ал біздер ондай заң жоқ екеніне, тек жергілікті биліктің заңды көпе-көрнеу бұрмалап көрсетіп отырғанына көз жеткізіп отырмыз. Алматы және Астана қалалары туралы жазылған заңдардың тек сол қалалардың ғана мәртебесі туралы ғана айтылғанына көз жеткіздік, ал басқа қалаларда герб болмауы керек деп тыйым салатын заң мүлде жоқ.
(Егер «заңға қайшы әрекет» дей отырып өздері отырған ШҚО мен Өскеменде де герб бар екенін мүлдем естен шығарыпты...)
Жиналыста депутаттарға бұл мәселені Сіздің де газет бетіне шығарып ат салысқаныңызды жеткіздім. Сіздің азаматтық танытып бейтарап қалмай өз атыңыздан да: «АЛАШ ОРДАСЫ СЕМЕЙДЕ ПАТШАЛЫҚ ГЕРБ ҚАШАНҒЫ ТҰРАДЫ?» деген мақалаңызды жазып көтергеніңізді қалай ұмытайық.
Халық қалаулылары да бұл мәселені зейін сала тыңдап, міндетті түрде мұқият қарап тиісті қорытынды шығаратындары туралы өз уәделерін берді.
Уәде- құдай сөзі дегенді жоғары қойған дана халқымыз: «Уәде- ердің опасы» деген сөзді де бекер айтпаған болар деймін.
Сізді халықтың танымал тұлғасы ретінде, осы мәселеге бір адамдай үлес қосқан азамат ретінде бұл мәселенің аяқсыз қалдырмай депутаттарға қозғау салады деген сенімім мол!
Сізге деген құрметпен: Ерлан Шаяхметұлы бауырыңыз, Семей қаласы, 11.07.2018ж.
Қосымшада ШҚО, Семей әкімдіктерінің жауаптары: