Қызылорда облысының тұрғыны баласына Нұрпрезидент деп ат қойды
2018 ж. 04 шілде
4367
0

Қызылорда облысында ата-ана баласына ерекше ат қойды. Осы жылдың 29 наурызында облыстық перинаталдық орталықта Нұрпрезидент дүниеге келді.
Қазір сәби Шиеліде 26 жастаға ата-анасымен бірге тұрып жатыр.
"Біз ата-аналардың қатысуынсыз тіркеу жүргіземіз. Олар халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе электронды үкімет порталы арқылы туған баланы тіркеуге өтініш береді", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі.
Перинаталдық орталықта күніне 60-70 бала дүниеге келеді. Өңірде балаларға көбінесе мұсылманша аттар қойылады, деп хабарлады тіркеу бөлімі.
"Облыста Нұрсұлтан Назарбаевтың аттастары бар. 2015-2017 жылдары Нұрсұлтан деген есім жиі қойылды", — деп толықтырды мамандар.
Өткен жылдың қарашасында елордада жаңа туған балаға ЭКСПО-ның құрметіне Бәйдiбэкспо деген ат қойылды.