Қызылордада тест үстінде тікелей эфирге шыққан түлек елді шулатты

Қызылордада ұлттық бірыңғай тест кезінде ұялы телефонымен тікелей эфирге шыққан қыздың видеосы әлеуметтік желіні шулатты, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Ғаламторға тарап кеткен бейнежазбада талапкердің сұраққа жауап таппай қиналып жатқан құрдастарын түсіріп отырғаны анық көрінеді. Бетперде киіп алған өзін де көрсетуді ұмытпаған.

Ал телефонды аудиторияда емін-еркін қолданып отырған түлекке қой дейтін тексеруші байқалмайды. Білім басқармасындағылар үшін бұл қалыпты жағдайға ұқсайды. Тәртіп бұзған қызға ешқандай шара қолданылмайды дейді.

БАҒДАТ БЕРДӘУЛЕТ, Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Бала шығармашылық емтихан тапсырған. Қолы бос болған. Кезек күтіп, емтихан материалдарын өткізуге кезек күтіп отырған кезде түсірілген жағдай. Енді бала ереже талаптарын бұзып отыр. Телефонды алып кірген.