Оралда террорлық әрекет жасамақ болған діни топ мүшелері ұсталды
2018 ж. 26 маусым
2797
0

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті радикалды топ мүшелерін ұстады. Бұл туралы stan.kz хабарлады.
ҰҚК таратқан ақпаратқа сәйкес, операция барысында 8 адам ұсталды. Олардан қару, оқ-дәрі мен діни материалдар тәркіленді. Олар террорлық әрекеттер жасамақ болған. Террорлықты насихаттап келген. Өзге де қылмыстық істер бойынша айыпталуда. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Арнайы операция 25 маусым күні жүргізілді.