Жемқорлыққа жол жоқ
2018 ж. 18 маусым
7567
0
ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюроның Астана қаласы бойынша департаменті үлкен басшылардың парамен ұсталғанын жариялады.
Департамент басшысы Шыңғыс Қабдоланың айтуы бойынша, соңғы төрт айдың ішінде қала бойынша 4 млрд. теңгенің заң бұзушылықтары анықталды. Барлық ақша бюджетке қайтарылды. «Қазір 32 адам жауапқа тартылып отыр. Олардың ішінде 15 тұлға – мемлекеттік органдардың бірінші басшылары. Бесеуі республикалық мекемені басқарған. Бұл тек Астана бойынша ғана. Бұның барлығын бұқаралық ақпарат құралдарында да көрсетіп жатыр. Квазимемлекеттік секторда жұмыс істейтін үлкен басшылар ұсталды. Мен осы жерге келердің алдында білдім. Ол басшылар ірі көлемде пара алған», – деді Ш.Қабдолла Астанада өткен жиында.
Қуат Құмаров
qazaquni.kz