ТОҚАЕВТЫҢ ТОҚЕТЕР СӨЗІН ТҮСІНБЕЙТІН ДЕПУТАТТАР ДА БАР ЕКЕН…

26
10012

 

Бастауышта тек қазақ тілін оқытудың  қажеттігін түсінбейтіндер елдің наразылығын тудыруда…

 

 

Қашанда қоғам тынысын сергек  бақылап отыратын  Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Твитттер әлеуметтік желісіндегі  парақшасында «Бірінші сыныпта шет тілін емес, Қазақ тілін оқытудың  қажеттігі» туралы айтқанын   ел жақсы талқылап, жаппай қолдауда. Иә, қай кезде де, тоқетерін айтатын Тоқаев мырза  елдің сөзін айтуымен ерекшеленіп келе жатқан салмағы зор саясаткеріміз екені анық. Кезінде елдің  наразылығын тудырған латын әліпбиінің алғашқы нұсқаларының бірі «үтірлі нұсқаға» нүктелі ноқат қоюға үлес қосқаны да белгілі.   Шетелдің атақты алпауыт  телеарнасы   BBC-дің  HARDTalk бағдарламасының жүргізушісі Стивен Сакурға еркін жауап беріп, еліміздің демократиялық деңгейін білдірген сүбелі сұхбаты көптің  көңілін аударғаны да кеше ғана… Сондықтан болар, қазір елімізде кейбір күрделі мәселелер шиеленісе бастағанда ел Қасым-Жомарт Кемелұлының кеңесін күтетін болып жүр.

Енді , міне кез келген мемлекеттің ұлттық мүддесі болып табылатын  мемлекеттік тіл мәселесінің «бас ауыруына» айналған   бастауыш сыныптардағы  шет тілін оқытудың  зияны туралы зиялылық биіктікпен білікті  пікір  білдіруі  бүкіл елдің күтіп отырған түйінді сөзі еді…  Әр мемлекетте бастауыш сыныпта  балалардың  тек өз тілінде оқуының артықшылығы және бастауыш сыныпта  шет тілінде оқудың зияны туралы тұжырым ғылыми дәлелденген қағида екені  ақиқат. Бұған мың бір мысалдың бірі  ретінде Жапония секілді озық ойлы дамыған мемлекеттерді алсақ та жеткілікті.

     Қазір қоғамда дуылдап тұрған   осы мәселеге байланысты  Мәжіліс депутаттары  да Азаттық радиосына өз ойларын білдіріпті… 

Бекболат Тілеухан мен  Бақытбек Смағұл  секілді  ұлттық қаны бар депутаттардың:  «Бастауыш  сыныпта тек  Қазақ тілі ғана оқытылуы  керек, шет тілі бастауыштан кейін оқытылуы тиіс» деп кесіп айтқандарына ел разы болуда. Әрине, бұлардан ел де осындай нақты жауап күткен еді.

Бір қызығы,  бастауышта тек қазақ тілін оқытудың  қажеттігін түсінбейтін депутаттар да бар екен…   Мысалы,  70-тен асып кетсе де,  парламент  қабырғасынан шықпай келе жатқан құрметті ағамыз  Қуаныш Сұлтановтың  жауабы  «қуанышты» бола    қойған жоқ…    «Бірінші сыныпта  қай тілде оқыса да шектеу қоймау керек» деп, әдеттегідей  әділін айтар кезде  шеттеп шыға келді.  

Ал  Мәжіліс депутаты  Құдайберген  Ержан да  Сұлтанов  салған жолменен   сыдыртып, «Балалардың  шет тілін білгені  жақсы  ғой, сондықтан үйрету керек» деп, ұлттық мәні  бар мәселеде тайқып шығыпты…  Ел ішінде әжептәуір беделі бар  Құдайберген Ержаннан әрине, ешкім бұндай жауап күткен жоқ еді.  Сондықтан болар,  елдің, әсіресе,  депутаттың ауылы Шардаралықтардың  жерлестерінің     шаңын шығарған  наразылықтары  редакциямызға көптеп келуде…

Кезінде Ақпарат министрін басқарған, руханият қауымы «өзіміз» деп санайтын  Дархан Мыңбайдың  «өзгеруіне»  Ассамблеяда болған   аз уақыттың өзі  «таңбасын» аямай салып кеткен бе, ол да «шет тілін оқыту керек» дегендерге  оңай қосыла кетті… 

Бұл депутаттар  тіпті, әріптестері, «шет тілін меңгеру бірінші сынып оқушыларының  бәріне  оңай болмайтынын»  оңай түсіндіре алмаса да,  шалақазақшасымен- ақ    күмәнін білдіре алған  Гүлжан Қарағұсованың  деңгейіне де жете алмады…  Бұлардың елдің саяси мінбері – парламентте отырып, таразының бір басын  басқанда екінші басы   салмағын жоғалтатыны  секілді,  қанша  жылдан бері   «шет тілініің»  шашбауын көтергендіктен ,  Қазақ тілінің  қағыс қалып кете жатқанын ұқпайтындары  таңдандырады…

2004  жылы «Қазақ үні»  газетінде Қазақ тіліне қарсы дауыс берген «қазақ»  депутаттардың  бетпердесі  сыпырылған еді…  Мынандай ұлттық  мүддеге келгенде ойлап емес, «ойнап шыға келетін», табанының  бүрі  жоқ, тайғақ   депутаттарға қарап, Тәуелсіздік  алғанымызға  ширек ғасырдан асып кетсе де, қазір де оңып тұрғанымыз шамалы-ау деп шамырқанып қалдық…

«Елдің Ыбырайы -Ыбырай, біздікі…  қандай?»-деген қанатты сөздің есімізге түспейтін кезі болар ма екен өзі…

Қазыбек ИСА,

Qazaquni.kz

26 ПІКІРЛЕР

  1. Сенат спикері Тоқаев ағамызға мың алғыс! Сағадиевты орнынан жұлып алып, азапқа қалған балалар мен мұғалімдердің көзі ашылса, дұрыс болар еді.

  2. Сұлтанов, Құдайберген Ержан сияқты кімнің тарысы піссе, соның тауығы болатындардан не сұрайсың? Бұлар Нұр Отанда болғасын, нағыз саясаткер-қайраткерлердің орнында отырғандарын біледі ме екен?

  3. Қасымжомарт Тоқаевқа рахмет, ең алғаш сеңді қозғады. Енді аяғына жеткізіп, Сағадиевтың сазайын берсе сауап болар еді.

  4. Ай-Ару сіңлім : «Рух пен парасат, тіл мен діл биігінде көріне білу екінің біріне бұйырмайтын бақ» деп жақсы жазыпты. Иә, рухты болу санаулы саңлақтарға ғана тән

  5. Тоқаев тектілігін көрсетті. Әкесі қазақтың белгілі жазушысы Кемел Тоқаевтың талай шытырман хикаяттарын оқыған едім.

  6. «Елдің Ыбырайы -Ыбырай, біздікі… қандай?»-деген қанатты сөздің есімізге түспейтін кезі болар ма екен өзі…»-деп бітіпті мақала. «Елдің Ыбырайы -Ыбырай, біздікі СҰМЫРАЙ»-дегенді неге жұмсартып, өзгертіп жібергенсіз Қазыбек аға? Депутаттарды аядыңыз ба?

  7. «Елдің Ыбырайы -Ыбырай, біздікі… қандай?»-деген қанатты сөздің есімізге түспейтін кезі болар ма екен өзі…»-деп бітіпті мақала. «Елдің Ыбырайы -Ыбырай, біздікі СҰМЫРАЙ»-дегенді неге жқмсартып, згертіп жібергенсіз Қазыбек аға? Депутаттарды аядыңыз ба?

  8. Қуаныш Сұлтанов, Құдайберген Ержан, Мыңбайлар – қазақ тілінің мүддесін сатып тұрғандар ертең сайлаушылар алдына не бетімен барады?

  9. Халықтың ойын білдірген спикер Тоқаевқа Алла жар болсын! шет тілдердің бәрі, Ағылшын түгілі орыс тілінің де қажеті жоқ бастауышта.

  10. Тоқетерін айтатын Тоқаев деп, жақсы жазыпты автор. Рахмет! Ал қазақ тілінің қамын ойламайтындарды осылай қамшылап, әшкерелеп отыру керек. «Қазақ үніне» мың алғыс!

  11. Жер сату кезінде жер болған депутаттар ғой бәрі. Бекболат енді есін жинағанмен, оның есінің бәрі қайда екенін елдің бәрі біледі. Сұлтановқа ешкім сенбейді. Ал Құдайберген Ержан деген депутат барын енді көріп тұрмын. Көрмей-ақ қоюым керек еді, мүндай шет тілін жақтап, қазақ тілін таптап тұрған депутатты. ойының бәрі билікке жағыну секілді. Дарханды қайтадан Ассаамблеясына жіберу керек

  12. Тоқаев тоқетерін айтқанмен, түүсінбейтіндер тек депутатар ғана емес, әкім-министрлер де толып жүр

  13. Сенат төрағасы Тоқаевтың әрбір сөзі ел көңілінен шығып жүр. Нағыз сарабдал саясаткер

  14. Құдайберген Ержанов атына сай Құдайберген болмай шықты, ауылымызға қайтарыңыздар, қайта тәрбиелеп жіберейік. Сұлтановтың сыры белгілі қу түлкі шал ғой. Ал Дархан Мыңбайдан шынында бұндайды күтпеп едік

  15. Осы біздің депутаттардың, әкім, министрлердің бәрі неге қазақ тілі мен қазақ тағдыры талқыға түскенде неге бейшара болып қалады?

  16. Құдайберген Ержанды біздің ауылдан шыққан депутат, кезінде қолында істегенбіз деп мақтанып жүр едік, енді мынау масқарасынан кейін не дейміз?

  17. Нағыз қазақы ауыл Шардара ауданынан шыққан депутат Құдайберген Ержан не деп былжырап тұр «шет тілін білгені жақсы, бірінші кластан оқыту керек» деп. Сонда қазақ тілін қалай ұғынады балалар?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз