Астанада мұғалімдердің тамыз конференциясы өтті

тасиоо Соңғы уақытта енгізілген Ұлттық бірыңғай тестілеу лоторея сияқты. Өйткені, оқушы білімін негізге алмайды, көзді жұмып жауапты таңдайды. Астанада өткен дәстүрлі тамыз кеңесінде қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов ұлттық тестілеу жайлы осылай деді. Шахар басшысы оқулықтар сапасын да сынға алып, бірқатар баспа иелерінің тек табыс табуды көздейтінін баса айтты. Оның айтуынша, баспаханалар авторлық ұжымдардың кітаптарын бір-бірінен көшіріп басуды әдетке айналдырған. Бұл жерде бір нәрсені ескерген дұрыс сияқты, деді ол. Баспахана иелері тек табыс тапқысы келеді. Оқулықтардың сапасына қарамайды. Осының салдарынан оқушының біліміне айтарлықтай зиян келеді. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда қалада білім саласын қаржыландыру 3 есе өскенін де атап өтті. Биыл бөлінген қаржы 16 миллиард теңгені құраған. Астанадағы жұмыс істеп тұрған 81 мектептің 68-і мемлекеттік 13 жеке меншік қолында екен. Оның 11-не жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Оған 600 миллион теңге жұмсалған. Ал, балабақша кезегінде тұрғандардың саны 50 мың адамға жеткен. Биыл 33 мектепке дейінгі мекеме ашылып, 9 мың орын бөлінген. Шілде айында 30 пайызға өскен ұстаздардың еңбекақысы қыркүйекте тағы көтерілген. Қазір бас қаладағы 1-ші санаттағы мұғалімнін орташа жалақысы 76 мың теңге, ал жоғары санаттағылардікі 87 мың теңгені құрайды екен. Әкім сөз соңында 2 мыңнан астам ұстазға пәтер бергенін де айтып өтті.