Қазақстанда ет өндірісі артты
2018 ж. 04 маусым
3234
0
Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-сәуір аралығында ет өндірісінің көлемі 86 380 тонна болған, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,9 пайызға артық. ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасау арқылы есептік кезеңде: 177 202 тонна сүт (былтырғыдан 15,6 процентке артық), ұн 1 531 856 тонна (+24,1 %), нан – 253 018 тонна (+6,9 процент), жарма – 28 126 тонна (+28,5 процент) өндірілгені белгілі болды. Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-сәуірінде ауыл, орман және балық шаруашылықтарының жалпы өнімі 559 008,8 млн. теңгені құраған. Бұл 2017 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 3,8 процентке артық.
Әмина Еркінбайқызы
qazaquni.kz