Сенат төрағасы: Бірінші сыныптан бастап әуелі ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ден қою керек
2018 ж. 20 маусым
8039
3
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев орта мектептерде бірінші сыныптан бастап алдымен ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ден қою керектігін жазды.
Бұл туралы "Қазақ үні" порталы хабарлайды.
Тоқаев оқу жүйесіне қатысты өз ойын білдіріп, өзінің Twitter парақшасында тілдің үлкен саясат екенін жазды.
"1.09 жаңа оқу жылы басталады, бұл оқу бағдарламалары туралы ойланатын қисынды себеп. Мысалы, ағылшын тілін бірінші сыныптан үйретудің қаншалықты қажеті бар? Осы тілде толығымен дайындалған мұғалімдер жеткілікті ме? Тіл-үлкен саясат. Әуелі қазақ және орыс тілдеріне ден қою керек", - деп жазды Сенат төрағасы.