
Қазақстанда жоғары оқу орнына түсетін мектеп түлектеріне арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
2018 ж. 20 маусым
3048
0
Қазақстанда жоғары оқу орнына түсетін мектеп түлектеріне арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Елімізде ҰБТ 15-ші рет өтіп жатыр. 2017 жылдан бастап тестілеудің форматы өзгерді. Енді ол ЖОО-ға түсетін емтихан және білім гранттарын иелену механизміне айналды.
ҰБТ 20 маусымнан 1 шілдеге дейін 167-пункте болады. Қатысушыларға 120 тест тапсырмасы беріледі. Максималды 140 балл, 50 балдан асу – міндет. Ал Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл алу керек.