Қазақстаннан төрт ай ішінде 9000 адам көшіп кеткен
2018 ж. 15 маусым
3279
0
2018 жылдың 4 айы ішінде Қазақстаннан 9332 адам көшіп кеткен, ал 4 100 адам елге қоныс аударған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің сайтында жарияланды.
2017 жылдың дәл осындай кезеңінде Қазақстаннан кеткендердің саны 7727 адамды құрады. Осылайша, эмиграция пайызға -ға өсті. 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында республикада көші-қонның теріс сальдосы 4 922 адамды құрады.
Сондай-ақ, 2018 жылдың сәуірінде Қазақстан халқы 19,2 мың адамға артып, 2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 18 млн 232 мың адамды құрады. Қазақстан халқының табиғи өсімі 79 мың 538 адамға жетті (2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында - 77 мың 152 адам).
Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанда қазіргі адам санының көрсеткіштері келесідей: босану - 124 мың 333 (121 мың 473), өлім - 44 мың 795 адам (44 мың 321).
2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында республикада 37 мың 904 неке (2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында 38 мың 583) қиылған. Сонымен қатар, 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында 17 мың 971 ажырасу фактісі тіркелді.