Назарбаев: Рамазан айы – рухани жаңарудың символы

3
1558

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев барша қазақстандықтарды Ораза Айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы «Қазақ үні» порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Баршаңызды күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша қастерлі мейрам – Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті Рамазан айы – рухани жаңарудың символы. Бұл кезде адамдар мейірімділік, ізгілік, татулық пен келісім сияқты бірегей құндылықтарға бет бұрып, әркім өзінің әрекеті мен  өзгелерге қарым-қатынасын қайта бір саралайды.

Рухани жаңарып, жаңғыруға талпыну бәріміз үшін маңызды және ол қазіргі қазақстандық қоғам алдындағы міндеттерге неғұрлым сай келеді. Біз ерте заманнан озық ғылым мен білімді дамытуға жол ашып, адамдарды өздерін жетілдіруге және үндестікте өмір сүруге бастап келе жатқан қасиетті исламның жасампаз рөлін кәдеге жарата білуіміз керек.

Осы мереке күндері әрбір мұсылман жақсы істер жасауға, жақындарына қуаныш сыйлап, мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады.

Осындай ізгі ниеттер мен игілікті істер еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтауға зор септігін тигізетін біздің ұлттық бірегейлігімізге негіз болуда.

Шуақты Ораза айт мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!

3 ПІКІРЛЕР

  1. Алла елімізді тосын апаттардан, қауіп-қатерден сақтасын! РАМАЗАН айында тілеген дұға тілегіміз қабыл болсын! ЕЛБАСЫМЫЗ да, Еліміз де аман болсын!

  2. Әмин еліміздің болашағы жарқын болсын! Елбасымен дінбасына Алла тағала қуат берсін, еліміз аман жұртымыз тыныш болсын,зұлымдыққа ұшырап жатқан мұсылман бауырларымызға Алла өзі пана берсін әмин.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз