СІМ Қытаймен арада визасыз тәртіп орнатылатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
2018 ж. 12 маусым
4902
4
ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Қытай арасында қытайлық азаматтар үшін визасыз тәртіп орнататылатыны жөнінде келіссөз жүргізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.
«Мессенджерлер арқылы Қазақстанның қытайлық азаматтар үшін визасыз тәртіп орнататыны туралы тарап жатқан ақпарат жалған болып табылады. Әрі арандатуға жол береді», -делінеді СІМ хабарламасында.
Сондай-ақ, ведомствода Қазақстанның қытайлық халықаралық әуежайлар арқылы транзитпен өтетін қазақстандықтар үшін мемлекетте визасыз жүру уақытын 24 сағаттан 72 сағатқа дейін ұзарту туралы қытайлық тараппен белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.