Президенттің шетелдегі қазақтарды қолдау бойынша берілген тапсырмалары негізінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы жанынан «Отандастар» қоры құрылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Оралмандарды қолдау мәселесімен енді Нұртай Әбіқаев айналысады
2018 ж. 11 маусым
9350
3
Бұл туралы ДҚҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Отандастар» қоры шетелдегі және Қазақстан Республикасына көшіп келген этникалық қазақтарды қолдау мақсатында құрылған. Қор Дүниежүзі қазақтарның қауымдастығымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады» - делінген хабарламада.
Қор Елбасының тікелей бастамасымен құрылған. Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайында Президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелде тұрып жатқан отандастарымызды қолдау керектігін тапсырған болатын. Сол негіз бойынша «Отандастар» қоры өз жұмысын бастады. Қордың негізгі міндеттері – шетелдегі және елімізге оралған қандастарымызға мәдени, білім беру бастамалары және құқықтық қолдау көрсету.
Қор акционерлерінің жиналысы барысында Дүниежүзілік қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков қордың Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ал қор президенті болып саяси және қоғам қайраткері Нұртай Әбіқаев тағайындалды.