"Бірнеше адам ауруханаға жатқызылды": Жаңаөзендегі оқиға (ВИДЕО)

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының маңындағы тас жолда екі көлік соқтығысып, нәтижесінде Toyota Avalon автокөлігі өртеніп, бірнеше адам ауруханаға түсті.

Бұл туралы Lada.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 10 маусымда сағат 20: 00-де Жаңаөзенге баратын тас жолда орын алған. Олардың сөзінше, Lexus ES 330 автокөлігі тас жолмен көтеріле бергенде алдындағы көлікті басып озбақшы болған. Осылайша, қарсы бағытқа шыққан көлік Toyota Avalon маркалы автокөлігімен соқтығысып қалған. Соның нәтижесінде Toyota Avalon көлігі толығымен өртеніп кетті.

Жаңаөзен қаласының орталық қалалық ауруханасында хабарлағандай, оқиға орнында көптеген сынықтар алған бірнеше адам ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде дәрігерлер рентген сәулелерін жасауда, ал қалған мәліметтер кейінірек жария етіледі, деп уәде етілді.