Қазақстанға кіруге кезекте тұрған қытайлықтардың видеосы жұртты шошытты (ВИДЕО)

8
23982

Әлеуметтік желілер мен WhatsApp-мессенджері арқылы тарап кеткен видеоролик Қытайдағы Қазақстан елшілігінде – виза беретін бөлімнің алдында түсірілген сыңайлы. Кадр сыртындағы әйелдің дауысы осыншама көп қытайдың Қазақстанға визасыз режим енгізілгеннен кейін кіретінін айтып дабыл қағады.

Бұл туралы sn.kz хабарлады.

Ғимарат есігіне ілінген хабарламада: «Қытайдағы Қазақстанның елшілігі, визалық бөлім. 11.06.2018 жылдан бастап күннің екінші жартысында визалық бөлімнің жұмысы 16:00-19:00 аралығында жүргізіледі» деп жазылған. Яғни, осыншама қытайлықтың Қазақстанға кіруге кезекте тұрғаны рас секілді. Бірақ, жазбада визасыз режим туралы бір ауыз сөз жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі Қытай азаматтарының Қазақстанда 72 сағат визасыз жүруіне рұқсат беретін қаулы қабылдған болатын. Бұл өз кезегінде қазақ қоғамында үлкен шу тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары мен қоғам белсенділері қытайлардың Қазақстанға визасыз кіруіне қарсымыз деп ұрандатқаны да есте.

Аталған видеоролик қазір WhatsApp-мессенджері арқылы халық арасында тез тарап, әлеуметтік желілерде жариялана бастады.

8 ПІКІРЛЕР

  1. Бонысы друс емес.Казакстанга визасыз кырып коныстанып касиетты жерымызга айяк басканы быздын мемлекетымыздын басшылары кайда карап жур.Мандай термен коргаган Ата бабаларымыздын казактын жер казактын болашагына аманат еткен болатын.Ал жогардагы агаларымыз соны корып еш натеже шыгара алмай отырганы айанышты.Бейлык кайда зан кайда ешкым былмейды.Жогарыдагы агаларыма айтарым баста миын болганша журегынде отанга деген ыстык сезым жыгер кайратын болсын дегым келет.Откены сенде казактын урпагысын.Озын ушын ыстемей тырлыкты 3 гасыр корлык пен зомбылык корген казак халкын ойланыздаршы.Себебы сендердын былыктарынан карапайым халык зардап шегет .Ойланыздаршы отынем менде карапайым казакпын.Отанымды суйемын.\отаным ушын жаным корбан.Бауыржан атамыз айткандай жау коргенде коян секылды кашпай.Арыстандай батыл болып каскырдай аш болу керек.Осыны естерыне салып койыныздаршы Агалар.

  2. Бұларды тектен тек Қазақстанға өткізе берудін қажеті жоқ…. Жер Қазақтардікі… Қытайларды емін еркін жіберіп қоюға болмайды

  3. Неге бұлар тек қана ер азаматтар келмек? Өйткені басты мақсаты осы жақтан қазақ қызын алып, тексіз ұрпағын көбейтіп, осы жақта экспансия жүргізу.

  4. Бұлар неге сонша лап ете қалды? Құдды бір ғасырлар бойы осы сәтті күтіп отырғандай. Бұл үлкен саяси жоспар ау…

  5. Біріншіден: бұл Пеникдегі елшілік
    Екіншіден: бұл адамнын бәрі виза жасатуға тұрғандар
    Не үшін соншама адамдарды үрейлендіріп отырсыздар!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз