Тілшілерге ауылдағы проблеманы айтқан ақсақал таяқ жеп қалды
2018 ж. 06 маусым
4894
1
Осыдан екі ай бұрын ауылындағы зіңгіттей жігіттерден жәбір көрдім деген Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Дүйсенбек Сазанбекұлы «Нұр Отан» партиясынан көмек сұрап елордаға арнайы келіпті6 деп хабарлады КТК.
"Депутат Светлана Бычковаға кіріп, жағдайды түсіндірдім. Арызымды тастап кеттім. Бұл кісі шара қолданамыз деген уәдесін беріп отырған жағдайы бар", — дейді Дүйсенбек Сазанбекұлы.
Жетпістегі ақсақалдың айтуынша, үш жігіт оны үйінен алдап әкетіп, күш көрсетіпті. Қарияны көлікке мінгізіп, ауылының сыртына шыққан бойда "тілшілерге ауылдағы проблемаларды неге айтасың" деп қоқан-лоққы көрсетіпті. Осы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалып, полицейлер үш күдіктіні ұстаған. Алайда, көп ұзамай оларды бостандыққа жібере салған көрінеді. Ақсақал жергілікті тәртіп сақшылары өзіне жәбір көрсеткендерге қатысты істі әдейі созбалаңға салып отыр дейді. Бас прокуратура мен Нұр Отанға шағымданған қария әділдік орнатпай тынбайтынын мәлімдеді. Ал мәжілістегілер бұл мәселені жіті тексермекші.