ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында елімізде менингококк инфекциясына қатысты ахуалды баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Менингиттен көз жұмғандар саны 13-ке жетті
2018 ж. 05 маусым
3609
1
«Елімізде 2018 жылдың басынан бері өлім қаупі жоғары бактериялық менингкококк инфекциясы күдігімен 593 адам қаралды. Олардың ішінде 213 адам емдеуге жатқызылды. Олардың арасында 58 пациенттен менингококк инфекциясы расталды. 14 жасқа дейінгі балалар саны 21 құрады. Қазіргі таңда науқастың 10-ы ауруханадан емделіп шығарылды, 55 науқас ем алып жатыр. 13 адам өлім жағдайы тіркелді, оның ішінде Алматы облысында 4, Қызылорда облысында 1, ОҚО 2, Алматы қаласында 6 адам. Өкінішке қаарй, қайтыс болғандар арасында балалар саны алтау. Осыған дейін ҚР-да менингококк инфекция кезіндегі өлім деңгейі жыл сайын өзгереді, ең төменгі жағдай 2016 жылы 7 жағдай, 2015 жылы ең жоғары 25 адам қайтыс болған. Ең жоғары ауру саны 2015 жылы 424 науқас құрады», - деді Біртанов Үкімет отырысында.
Естеріңізге сала кетейік, кеше осы мәселеге арналған брифингте Елжан Біртанов елдегі менингит жұқпасы туралы «дүрлігудің қажеті жоқ» деген болатын.