Қостанай облысы Лисаков қаласында естіген жан жағасын ұстайтын ауыр қылмыс жасаған 3 ер адам қамауға алынды. Құқық қорғау органдарының таратқан мәліметі бойынша, оларға 17 жастағы студентті тонап және зорлады деген айып тағылды. Қазіргі таңда күдіктілер Лисаков қаласындағы уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.
Қостанай облысында 17 жастағы жігітті зорлаған күдіктілер қамауға алынды
2018 ж. 04 маусым
3219
1
«Күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201 бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», – дейді Қостанай облысы ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Қолда бар мәліметтерге қарағанда, жәбірленушіден күдіктілерге қатысты алдымен тонау дерегі бойынша шағым түскен. Себебі, олар зардап шегушінің қалтасындағы 16 мың теңгесін тартып алған. Артынша қаскөйлер кәмілеттік жасқа толмаған жігітке сексуалды зорлық-зомбылық көрсеткені белгілі болып отыр. Сондай-ақ, қолға түскен 3 күдіктінің екеуі бұрын істі болып, заң аясында жазасын өтеп келгендер екен. Ал, қалған біреуінің таныстары оның бұндай әркетке баруының себебін түсіне алмай отыр.