Томирис Байсафаның қаза болуына қатысты іске Тасмағамбетов араласты

Қазақстандық дипломаттар Томирис Байсафаның қайтыс болуына қатысты істің тергелу барысын жіті қадағалауда. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов бұл іске тікелей араласты.

Бұл туралы "Қазақ үні" порталы КТК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта іс аса маңызды санатқа жатқызылған.

[caption id="" align="aligncenter" width="525"]томирис Томирис Байсафа. Фото: BNews.kz[/caption]

Мамырдың 18 күні Тасмағамбетов Ресейдің Тергеу комитетінің бірінші басшыларымен жеке кездесіп, бұл істің ашық әрі әділ жүруін талап етті.

Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, ресейлік тарап та істің әділ өтуіне толықтай құлық танытуда.