БҰҰ-ның Қырғызстандағы өкілдігі милиция бөлімшесінде қыз алып қашудың соңы қайғылы оқиғаға ұласқан жағдайға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
БҰҰ қыз алып қашуға тыйым салуды талап етті
2018 ж. 01 маусым
4145
1
БҰҰ таратқан мәлімдемеде Қырғызстан билігін қыз алып қашуды тоқтату үшін барлық шаралар қолданып, халықаралық келісімдер мен заңдардың орындалуын талап етеді.
"Мәжбүрлі неке адам құқықтарын бұзып отыр. Бұл - қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Қыз алып қашудың Қырғызстан мәдениеті мен дәстүріне еш қатысы жоқ. Бұл - тек әлсіз адамдардың құқығын таптау" - делінген мәлімдемеде.
БҰҰ мәліметінше, Қырғызстанда 24 жасқа дейінгі бойжеткендердің 13,8 пайызы мәжбүрлі түрде күйеуге шығады. Ұйым елде кең тараған заңсыз тәжірибені жою үшін Қырғызстанмен 2022 жылға дейінгі қол қойған бағдарламаның жүзеге асырылуына қолдан келгенше көмектесетінін білдірген.
Естеріңізде болса, 27 мамырда Шу облысы Жайыл аудандық ішкі істер бөлімшесінде 20 жастағы Бурулай Турдаалықызын алып қашқан жігіт оны пышақтап өлтірген болатын. Жігіт қызды полиция бөлімшесінде пышақтап, кейін өзін де жаралаған. Қазір күдікті жігіт аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.