Алматы көш бастап тұр

Алматылықтардың Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жинаған сомасы 12 млрд. теңгеге жетті. Қордың Алматыдағы бөлімшесінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, Қазақстанда жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер МӘМС қорына 2017 жылдың 1-шілдесінен 2018 жылдың 31-наурызына дейін 55,1 млрд. теңге аударған. Оның ішінде 7,7 млрд. теңгесі наурыздың еншісінде. Мамандардың айтуынша, Алматы аударылған сома бойынша көш бастап тұр. Алматыда жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына 12 млрд. теңге аударды. Бұл Қазақстан бойынша түскен түсімнің 21,5 пайызын құрайды. Екінші орында Астана (12,5%) болса, үшінші орында Қарағанды облысы (8,1% ) келеді екен.

Қуат ҚҰМАР

qazaquni.kz