Сақтандыру қорындағы қаржы көлемі ұлғайды

Жекеменшік клиникалардың саны артқан сайын оларға түсетін қаржы да кем болмайды. Мәселен, сәуір айының өзінде медициналық сақтандыру қорына 8 млрд.17 млн теңгеге жуық сақтандыру жарнасы аударылыпты.Мұның өзі халықтың денсаулығына бей-жай қарамайтындығын көрсетсе керек-ті. Келтірілген деректерге қарағанда, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1-шілдесінен 2018 жылдың 30-сәуіріне дейінгі аралықта жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлеген жарна көлемі 63,3 млрд. теңгені құрап отыр. Оның ішінде, 54,9 млрд теңге (87% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлері үшін жасаған төлемдері болса, қалған 8,4 млрд теңге (13% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық негізде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Аймақтар арасында жарна төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап тұр. «Жинақталған жарна Ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Түскен қаражат МӘМС жүйесі іске қосылғаннан кейін сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады» делінген баспасөз баяндамасында.

Қуат ҚҰМАР

qazaquni.kz