АҚЖОЛДЫҚТАР «ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР» МОНУМЕНТІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

Ұлы Жеңіс күні – 9-мамырда партия төрағасы Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясының мүшелері елордадағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды. Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай 9-мамырда партия төрағасы Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшелері Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты рәсімге фракцияның депутаттары, партияның Орталық кеңесінің мүшелері, орталық аппарат қызметкерлері, Астана қалалық филиалының өкілдері және белсенділер қатысты.

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы ОҚО филиалының қызметкерлері 9-мамыр Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Шымкент қаласында тұратын Котеров Василии Иванович (1922ж.т.), Соколова Антонина Андреевна –(1925ж.), Жунисов Али –(1922ж.), Байдаров Жаңбыр – (1922ж.), Аскеров Али –(1922ж.) секілді бірқатар ардагерлерді үйлеріне барып, Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтарын және заттай сыйлықтар табыстады.

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Шымкентте Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» атты салтанатты іс-шара өтті. Жеңіс күніне арналған іс-шара 3000-ға жуық тұрғын қатысқан «Қаһарман ұлт» шеруімен басталды. Таңғы сағат 08:00-ден Қажымұқан атындағы орталық стадион алдында түзілген шеру «Даңқ» мемориалына дейін жүріп өтті. «Даңқ» мемориалы кешенінде өткен салтанатты жиынға облыс әкімі Ж.Түймебаев, қала әкімі Н.Сауранбаев пен майдангерлер, тыл еңбеккерлері, зиялы қауым өкілдері мен соғысқа қатысқан азаматтардың ұрпақтары, облыстық мәслихаттың депутаттары, «Ақ жол» ҚДП ОҚО филиал қызметкерлері, жастар және БАҚ өкілдері – жалпы саны 5000-ға жуық адам қатысты. Мерекелік шарада әскери үрмелі аспаптар оркестрі тақырыптық марштар орындап, іс-шара Абай саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасын тапты. Мұнан соң Ұлы Отан соғысы және тыл еңбеккерлеріне арналған әскери өмірден театрландырылған көріністер қойылып, ардагерлерге майдандағыдай «дала ботқасы» ұсынылды. Айта кетейік, Ұлы Отан соғысына Шымкенттен 23 мыңнан астам азамат аттанды. Қазіргі таңда қалада 74 ардагер бар. Бұған қоса 4 мыңнан аса тыл ардагері тұрады.

«Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

qazaquni.kz