Қазақстан халқының 42,6 пайызы ауылда тұрады
2018 ж. 15 мамыр
5419
0
2018 жылдың сəуірінен бері Қазақстан Республикасында халық саны 18 млн 212,2 мың адамды құрап, 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 237,7 мың адамға көбейген. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Атап айтқанда, Қазақстанда аталған мерзімде қала тұрғындарының саны 10 млн 459,2 мың адамды құрады. Бұл ел халқының жалпы санының 57,4 проценті. Ал ауыл тұрғындарының саны 7 млн 753,6 мың адамға жеткен, бұл халық санының 42,6 проценті. Биылғы жылдың қаңтар-наурызында 1 жасқа дейінгі 820 баланың шетінегендігі белгілі болды (өткен жылдың сәйкес мерзімінде -801).
2017 жылдағы жағдаймен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген балалардың саны 2,4 процентке өскен. 2018 жылдың алғашқы үш айында нәрестелердің шетінеу коэффициенті 100 балаға шаққанда 8,85 жағдайды құрап отыр (8,67).