Әзімбай Ғали: Отарсызданудың басты мақсаты – егемендік пен төл тілді сақтау
2018 ж. 06 мамыр
4035
1
Еуразиялық Экономикалық Одағында дағдарыс, мүше мемлекеттер – Белоруссия мен Қазақстан наразы. Егерде Белоруссияға ашуын басу үшін Ресейден ақша мен преференция болса, бізге ақша пәлендей керек емес. Бізге ЕуроАз ЭО-дан экономикалық пайдадан зиян көбірекке ұқсайды. Ресейге Батыс қайта-қайта санкциялар сала берсе бізге де соққы болары бәрімізге аян. ЕуроАзЭО-дан ажырау қашан болары белгісіз. Біздің қауіптенетін себебіміз – Ресей бізге гибридтік соғыс (Украинадағыдай)жүргізе ме деп қауіптенуіміз, экономиканы басқа нарықтарға бағыттау да қиын.
Сонымен ЕуроАзЭО ыдырауға жақын. Ресейдің өзінде үлкен дағдарыс: экономикасын, тұрмысын дендеп алды. Енді Ресейге тек саяси дағдарысқа бату қалды. Саяси дағдарыс бізге отарлықтың соңғы қамытын сырып тастауға мүмкіндік берер ме екен. Қазақтың орысшыл басшылары бізді оған дейін орыс тілді мемлекетке айналдырып үлгірмесе.
Ирландия егемендік алуымен бірге ағылшын тіліне көшіп, ирланд тілін құрбан қылды. Шотландия элитасы егемендікті аңсаса , ирланд халқының көбісі Ұлыбританиядан бөлінгісі жоқ. Шотландықтардың басым көпшілігі ағылшын тілді. Менің шотландиялық досым Шотландияның егемендігін қолдамайды, тек ағылшынша сөйлейді. Оның айтуынша шотландықтардың басты ұлттық құндылығы – ерлер киетін юбка.
20 ғасырдың екінші жартысында Африканың көптеген елдері ағылшын, француз тіліне төл тілін алмастырды. Алжирде 1962 саяси элита мен истеблишмент тек французша сөйлеп, арабшаны қолдамаған. Олар екі рет арабизация саясатын бастады. Арабизация -араб тіліне өту саясатын қолдау негізінен халық болды. Бүгінгі күні көптеген араб қызметкерлері мен интеллигенциясы - өзара француз-ағылшынша сөйлескенді жөн көреді. Міне бұл тәжірибелер, Отарсызданудың ең басты мақсаты – егемендік пен төл тілді сақтау екенін анық айтып тұр.