Қазақ шекарасынан аса алмай, аяғы ауыр күйі шетелге қайта кеткен Қазақ қызы Жайнагүлдің тағдырына алаңдап, пікір жазуыңыз үшін сайтқа екі минуттық тіркелу ғана керек!
БАҚ туралы заңға жуырда енгізілген толықтыруларға байланысты QAZAQUNI.KZ порталына пікір жазушылар енді тек сайтқа тіркеліп қана пікір жаза алады. Сондықтан сайтымызға бұған дейін жазылып келген есепсіз қаптаған пікірлер 99 пайызға қысқарды.
Оның анық мысалы QAZAQUNI.KZ сайтына кеше түн жарымда салынған
"Масқара! Әуежайдан жүкті әйелді кері қайтарған Шекаралық бақылау қызметі сауатсыз ба, жауапсыз ба?!." атты мақаланы жарты тәуліктей шамада 12 мыңға жуық оқырман оқыпты. Ал Фейсбук парақшамызда жүздеген бөлісуші, жүздеген пікір жазылып жатса да, бірақ, сенесіздер ме, сайтқа бір де бір пікір жазылмаған! Бұрын бұндай елді шулатқан мақалаға бұл уақытта жүздеген пікір жазылатын. Сонда жүздеген пікір жазушының Руза Бейсенбайтегі бастаған санаулы адамнан басқаларының бәрі сайтқа тіркелетін 2-3 минутқа ерінген бе?
Ал, Қазақ шекарасынан аса алмай, аяғы ауыр күйі шетелге қайта кеткен Қазақ қызы Жайнагүлдің тағдырына алаңдап, пікір жазушыларға алғыс айта отырып, мәселені шешетін құзырлы орындар, фейсбук ақтарып отырғаннан тікелей сайттың өзіне қарай салып, қорытынды жасайтынын ескертеміз.
Сондықтан, айтқанымыз жеріне тезірек жетсін десеңіздер, ең алдымен:
QAZAQUNI.KZ порталына логиніңізбен тіркелуіңіз керек.
Бүркеншік аттармен де болады.
Тіркелу кез келген мақаланың астындағы пікір алаңына орналасқан
"Қазақ үні" ұлттық порталы өзінің ойлы оқырмандарының өзекті пікірлерін күтеді.
Редакция