Бүтін бір отбасын көлігімен қағып, адам өлтірген полицей жеңіл жазамен құтылып кетті
2018 ж. 03 мамыр
4749
0
Шымкентте адам қағып өлтірген елімізге белгілі әулеттен шыққан билік өкіліне қатысты сот үкімі шықты. Жандос Оразалиев сол күйі кінәсін мойындамады. Сондай-ақ, сотталған полицей залдан шығып, тікелей үйіне беттеді. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Экс-полицей 2,5 жылға шартты жаза арқалады, сондай-ақ, 4 жыл рөлге отыру құқығынан айырылды. Сайрам аудандық ішкі істеп басқармасы, тергеу бөлімінің басшысы өткен жылдың тамыз айында жүргіншілер жолағында бүтіндей бір отбасын қағып кетті. Ақырында 37 жастағы ер азамат оқиға орнында көз жұмды. Ал оның жары мен ұлы ұзақ уақытқа созылған оңалту курсынан өтті.
Куәгерлердің айтуына қарағанда, полиция капитаны алғашқыда оқиға орнынан ізін суытпақ болған, алайда кейіннен тәртіп сақшысы қолға түсті. Жандос Оразалиев изоляторда бас-аяғы 9 ай отырды. Бұл уақыт аралығында туыстары жәбірленуші тараппен достасып, тіпті оларға үй алып беріп үлгерген.
Қос тарап сараптама нәтижесін ұзақ күтті. Оқиға орнында жүргізуші жол апатының алдын ала алар ма еді, әлде жоқ па, мамандар анықтады. Сараптама нәтижесіне сәйкес, трагедияны алдын алу мүмкін емес-тін, дегенмен сот Оразалиевті кінәлі деп таныды. «Ол жол жүру ережесін бұзды. Қарсы жолаққа шығып, рұқсат етілмеген жерде көліктің алдына шығып кетті, жүргіншілерді өткізбеді. Олар жолаққа аяқ басқан кезде, жүргіншілерге жасыл түс көрсетіп тұрған. Ортасына келгенде, қызыл түс жанған. Мұндай жағдайда жүргізуші жүргіншіні өткізіп жіберуге міндетті. Бірақ ол үндемей кетті, келісе ме, келіспей пе, айтпады», – деді судья Момбек Әмірбеков.