Мешітте кәсіпкердің 40 мың доллар көлеміндегі ақшасы қолды болды
2018 ж. 23 сәуір
4287
1
Өзбекстанның Қашқадария облысындағы мешітте жергілікті кәсіпкердің шамамен 40 мың доллары ұрланған. Құқықорғау органдары екі күдіктіні қолға түсірді.
Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.
Ресми мәлімет бойынша, Қашқадария облысындағы Шахрисабз қаласының ішкі істер басқармасына жергілікті бір кәсіпкер 38,7 мың доллары (12 млн теңгеден аса) ұрланғаны туралы шағым түсірген. Ақша қол сөмкеде болған.
“Жәбірленуші ақша салынған қол сөмкесін жергілікті мешіттердің біріндегі жуынатын бөлмеде тастап кеткен. Қайтып келіп, сөмкенің ұрланғанын білген”, – делінген хабарламада.
ІІМ мәліметі бойынша, шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде екі күдікті – Бұхара облысы мен Ташкент қаласының тұрғындары ұсталды.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр. Ұрлық жасаушы бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.