Қытайда қамалып жатқан мұсылмандар мәселесіне АҚШ араласа бастады

Қытай қысымын көрген мұсылман халықтарына АҚШ алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының көмекшісінің міндетін атқарушы Лаура Стон (Laura Stone) АҚШ Қытай билігі тарапынан қысым көріп, қамауға алынған 100 мыңдаған ұйғыр xалқы мен басқа да мұсылмандардың (қандастарымыз да бар) жағдайына ерекше назар аударатынын мәлімдеді.

АҚШ тарапы алдағы уақытта тәуелсіз зерттеу жүргізіп, Қытайдағы аз санды ұлттарға қарсы адам құқығына қол сұғу бар екенін дәлелдесе, "Әлемдік Магницкийдің адам құқықтары туралы есеп беру актісіне" негіздеп, Қытай шенеуніктеріне қарсы санкция салатынын ескертті.

Қытай билігі Шыңжаңдағы жергілікті xалықтың діни және ұлттық мәдени салттарын ұстануға қатаң тиым салып, ұйғыр ұлты мен басқа да аз санды ұлт өкілдерін жіті бақылауға алғаны, мыңдаған адамды жазықсыз түрмеге қамағаны туралы ақпараттар көбейген. Сенімді ақпарат көздерінің хабарлауына қарағанда 500 мыңнан 1 миллион адамға дейін "Саяси тәрбиелеу орталығы" деп аталатын концлагерьлерде тұтқында отыр.

"Әлемдік Магницкийдің адам құқықтары туралы есеп беру актісі" (The Global Magnitsky Human Rights Accountability Act)- АҚШ билігінің басқа елдегі адамдық құқыққа қарсы санкция жарялауға құқық беретін құжат.  Бұл құжат негізінде АҚШ-қа кіруге тиым салуға, АҚШ-тағы шоттарын бұғаттауға, сауда-саттықты шектеуге құқылы. Бұл заң жобасын 2015 жылы АҚШ сенаты мақұлданып, 2016 жылы палатада бекітілген.