Пугачеваның немересі қазақстандық қалыңдығының ата-анасымен танысты

Пугашова Алла Пугачеваның үлкен немересі Никита Пресняков жазғы демалысын Қазақстанда өткізіп, онда сүйген ғашығы Аида Қалиеваның ата-анасымен танысты, деп жазады «Твой день». Демалыс күндері қос ғашық Алматыдағы отбасылық демалысқа арналған танымал «Тау-спа» қонақ үйінде, күніне 280 доллар тұратын люкс нөмірін жалдап тұрған. Никита мұнда сүйіктісінің ата-анасымен танысып, олар Алла Борисовнаның немересін ұлттық тағамдар әзірлеп, ет асып қарсы алды. Аиданың ата-анасымен танысу Никита үшін оңайға соққан жоқ. Себебі шығыс сұлуының әкесі – қатаң тәртіп пен ұлттық салт-дәстүрді ұстанатын адам. Ол бастапқыда қызының әйгілі жұлдызды отбасы мүшесімен көңіл қосқанына қатты алаңдаған болатын. Уақыт өте келе оның алаңдаушылығы сейілгенге ұқсайды. «Мен Аида жөнінде ешнәрсе айта алмаймын! Қызым – үлкен адам, өзінің жеке өмірі бар», - деді Қалиев журналистерге берген сұхбатында.