Тимошенко тұтқын әйелдермен бірге моншаға түсті

Украинаның бұрынғы премьері Юлия Тимошенко УҰИ-да отырған жерінде қамаудағы басқа әйелдермен бірге моншаға түсті. Бұл жөнінде украиндік омбудсмен Нина Карпачеваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Ростбалт хабарлады. тимо «Омбудсмен өкілдері басқа екі әйелмен бірге қамауда отырған Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың камерасында болған. Онда санитарлық талаптарға толық жауап беретін барлық коммуналдық-тұрмыстық жағдай жасалған: камераның ауданы 16,8 шаршы метр, ауасы таза, ішіне табиғи жарық түсіп тұр (терезе көлемі 160×120 см), санитарлық желі бөлек қоршалған, таза әрі жинақы. Тергеу изоляторының ішкі тәртібіне сәйкес, кеше Юлия Тимошенко қамаудағы басқа әйелдермен бірге моншаға барып, соңғы екі тәулік ішінде ұзақтығы бір сағатқа дейін жететін серуендеуге шықты», - делінген хабарламада. Юлию Тимошенкоға Ресеймен энергетикалық келісімшарт жасасу кезінде өз қызметтік бабын асыра пайдаланды деген айып тағылуда. Ол жұма күні, 5 тамызда, қамауға алынды. Судья бұл шешімін Тимошенконың соңғы уақытта бірнеше рет отырыс үрдісін бұзып, тергеу амалдарына кедергі келтіруімен түсіндірді. Сарапшылардың пікірінше, ол 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.