Тілдерді дамытудың қоғамдық кеңесі құрылмақ

Мәдениет министрлігінде вице-министр Ғазиз Телебаев, жауапты хатшы Жанна Құрманғалиева мен Тіл комитетінің төрағасы Шерубай Құрманбайұлының қатысуымен тілдерді дамытудың заң аясындағы мәселелері сөз болып, министрлік өкілдері баспасөз қызметкерлерімен пікір алмасты. жанна Бас қосуда, алғашқы сөз алған Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева: «Аталған кеңес ең алдымен тіл мәселесінің диалог алаңына айналады. Мұндай диалогтық алаңды құрудың қажеттілігі неде? Сараптамалық зерттеулерге сүйенсек, қазақтілді және орыстілді баспасөздің кез келген мәселедегі күнтәртібі әртүрлі. Тіпті жаңадан жасалып жатқан заң жобалары бойынша әрқилы пікірлер айтады. Сондықтан да біз барлық мүдделі тараптарды, жақтастар мен қарсыларды да қатыстыратын алаң құрғымыз келеді. Өйткені біз бір елде тұрамыз әрі қоғам тұрақтылығына бәріміз жауаптымыз. Бұл ретте мемлекеттік тіл мәселесі ұлттық бірліктің факторы болуы шарт» деді. Сонымен қатар, қоғамдық кеңеске кез келген адам мүше бола алады. Ол үшін tі l@ok.kz мекенжайына қоғамдық кеңес жұмысына қатысуға ниет білдіру керек. «Қоғамдық кеңес тіл заңнамасын жетілдіруге және тіл төңірегіндегі барлық бағыттарға байланысты ұсынымдар әзірлейтін болады.