Қазақ халқы Қасым Жәкібаевты ақтық сапарға шығарып салды

касым Тамыздың 10 күні, театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі Қасым Жәкібаевты ақтық сапарға шығарып салды. Өнер тарланы 8 тамыз күні ауыр науқас салдарынан дүние салған болатын. Қоштасу рәсімі алғашқы еңбек жолын бастап, ұзақ жылдар еңбек еткен Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында өтті. Марқұммен қоштасуға өнерсүйер қауым, кино мен театрдағы әріптестері, туыстары жиналды. 82 жасында өмірден озған хас шебер өз ғұмырында 70-тен астам кино, 300-ге жуық театр кейіпкерінің рөлін сомдаған екен. Марқұмның денесі Кеңсай зиратына жерленді.