Байменов «бастық» сөзін қолданыстан алып тастауды ұсынды

0
870

ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Байменов «бастық» сөзін тұрмыстық қолданыстан алып тастау жөнінде ұсыныс көтерді. Оның айтуынша, «басқарма бастығы» не «бөлім бастығы» сияқты лауазымдарда қолданылатын бұл сөзді «жетекші» я «басшы» сөзімен ауыстырған дұрыс дейді. «Халық санасында бұл сөз аспан құдыретіндей, алдында үнемі дастархан жаюлы тұруы тиіс бейне түрінде сіңісіп кетті», – деді ол Қызылорда облысына жасаған сапары барысында.

 

Әлихан Бәйменов,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы

Мен кеше 3 облыста болғанда мемлекеттік қызметшілер, облыс басшыларымен кездестім. Олардың барлығы бұл өзгерістерді оң қабылдап отыр. Дегенмен, заң әзірлеу кезінде қарсылық болатыны анық. Бірақ, кез-келген реформаны бастайтын, жүргізетін адам өзінің басында болатын қиындықтарға қарамай табанды жүргізу керек.
Сонымен қатар, сөз барысында, «біздің ағымдағы міндеттеріміздің алғашқы қатарында халықта мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық институттарға деген сенімді арттыру тұрғанда, сыпайы сөз қорларына өту орынды деп есептеймін», – деді. Және, агенттік басшысының пікірінше, комиссия мүшелерімен қан­дайда бос орындарға жаңа адамды ұсынған кезінде оның бұрынғы жұмыс орындарындағы кәсіби іскерлігі мен адами қасиеттеріне де көңіл бөлгені жөн деді Ә. Байменов.

 

Әсел РЗАЕВА

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз