10 жастағы баламен жартылай жалаңаш жатқан интернат тәрбиешісі жұмыстан қуылды
2018 ж. 29 наурыз
5070
9
10 жастағы баламен жартылай жалаңаш күйде жатқан Қаскелеңдегі мектеп-интернатының тәрбиешісі жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Баланың әкесі берген арыз бойынша Алматы облысының Білім басқармасы жан-жақты қызметтік тергеу жүргізіп, оның қорытындысы деректерді растаған.
"Интернат нормалары мен ережелерін дөрекі бұзғаны үшін баланың әкесі көрген тәрбиеші және мектеп директоры жұмыстан босатылды", - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.
Еске салайық, оқиға биыл 2 наурызда болған еді.
"№6 бөлменің есігін ашып қалған едім, қорқып қалған баламды, оның жанындағы төсекте беліне дейін жалаңаш Бақыт деген тәрбиеші әйел мен мектепке еш қатысы жоқ тағы бір әйелді көрдім", - деп жазған болатын баланың әкесі.
Кейін тәрбиеші балалар төсегінде жатып массаж қабылдағанын айтып ақталған.