Алматыда жол апатына ұшыраған көлік екіге бөлініп қалды (фото)

Алматыда жол апаты салдарынан Mazdа автокөлігі екіге бөлініп қалды. Көлік жүргізушісі таңғажайып жағдайда аман қалды, деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz.

Жол апаты Құлжа трактінің аумағында Mitsubishi Galant және Mazdа автокөліктерінің арасында болған.

Mitsubishi Galant көлігі «Mazdа» жеңіл көлігіне соғылған. Салдарынан екіншісі қақ бөлініп қалды.

Қуанышқа орай, көлік жүргізушісі аман қалған.

Жол полициясы қызметкерлері ЖКО мән-жайын анықтап жатыр.