БОЛМАШЫ СЕБЕПТЕРМЕН ҮМІТКЕРЛЕРДІ САЙЛАУДАН ШЕТТЕТУГЕ БОЛМАЙДЫ
2018 ж. 10 наурыз
1632
0
«Ақ жол» партиясы табыс туралы декларациядағы болмашы ғана айырмашылықтарға бола үміткерлерді сайлаудан шығарудан бас тартуды ұсынды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында «Сайлау туралы» заңға енгізілген өзгертулерді талқылау барысында партия жетекшісі Азат Перуашев мәлімдеді.
Ол осыдан екі жыл бұрын дәл мұндай сылтаумен «Ақ жол» партиясының атынан жергілікті мәслихаттарға ұсынылған 100-ден астам үміткер сайлаудан алынып тасталғанын еске салды. Әріден соң, кей – кездері сол декларациядағы табыс туралы мәліметте 70-100 теңге көлемінде ғана болар-болмас айырмашылықтар еді. Демократиялық партия мұндай тәжірибе сыбайлас жемқорлықпен күресуге емес, қолайсыз бәсекелестерді сайлаудан шеттетуге қызмет етеді деп санайды. Сондықтан А.Перуашев дамыған демократиялық елдердің үлгісінде айырмашылықтарды анықтап, кандидаттарға сайлаудан шығарылмай, қосымша декларацияларды ұсынуға немесе ең болмағанда рұқсат етілген келіспеушіліктердің дәлме-дәл шегін белгілеуге мүмкіндік беруді ұсынды.
«Ақ жол» көшбасшысы сайлау процесіне қазіргі заманғы технологияларды белсенді түрде енгізу жөнінде ұсыныс жасады. Себебі, бүгінгі күні интернет желісіне қосылу кеңінен жүзеге асырылуда, ірі қалалардың бәрінде бүкіл аумақ бейнебақылау жүйесімен қамтылған.
Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы сайлау күні барлық сайлау учаскелерінде интернет арқылы ашық көрсетілім жүргізуге мүмкіндік беретін осыған ұқсас бейнебақылауды орнатуды ұсынды.Оның айтуынша, сол кезде ғана бақылаушының да, кез-келген өзге мүдделі тұлғаның да жалған сайлаушылардың қитұрқы «әткеншек» әдісі бойынша дауыс беру әрекетін, сайлау бюлетеньдерін топтап салу ықтималдығын, дауыстарды қате санау және басқа да заңға қайшы бұзушылықтарды қадағалауға мүмкіндігі болады.
«Мұндай қоғамдық бақылау дауыс беру рәсімінің ашықтығы мен сенімділігінің үздік кепілі бола алады», деген сенім білдірді – А.Перуашев.
Демократиялық партияның жетекшісі тағы бір маңызды мәселеге тоқтала кетті, оған сәйкес саяси партиялар саяси пікірсайыстарды дербес ұйымдастыруға құқылы бола алады. «Біз бұл бастаманы өте көңіл құптарлық деп санаймыз, бұл саяси бағдарламалардың түп мақсатын толық ашып көрсетуге, сайлаушылардың ақпараттық тұрғыдан әрдайым хабардар болуын арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті мәжілісмен.
Депутат өткен сайлаудың тәжірибесін тілге тиек ете отырып, орталық телеарналар эфирінде жүргізілген ресми пікірсайыстар уақыт пен тақырып бойынша шектелгенін де мысал етіп көрсетті. «2-5 минутта партия туралы не білуге болады? Түсінер едім, егер сайлау науқаны барысында әр түрлі өзекті тақырыптарда, әр түрлі форматта пікірталастың тұтастай бір топтамасы өткізілетін болса», – деген ойын білдірді Азат Перуашев.
Оның пікірінше, пікірталас алаңдары ретінде тәуелсіз ұйымдастырушылар – мемлекеттік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары болуы тиіс еді. Осындай пікірталастардың маңызды факторы олардың интернетте немесе әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілуі керек, бұл өткір саяси даудың маңыздылығын, аудиторияның сенімін және түсіндірудің айқындығын, объективтілігін арттырады.
«Біз Әділет министрлігіне «Сайлау туралы» заңға түзетулерді әзірлеуді қолға алу фактісі үшін алғысымызды білдіреміз, бұл көрсетілген өзгертулер әлдеқашан әбден жетіліп піскен», – деген Перуашев құжатты егжей-тегжейлі саралап, талдау Парламентте талқылау кезінде өткізілетін болады деп түйіндеді өз сөзін.
qazaquni.kz