Қаскелеңде әкесі 10 жасар ұлын жалаңаш тәрбиешімен ұстап алды
2018 ж. 02 наурыз
8391
8
Алматы облысында ақыл-есі кем балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиешісінің басы дауға қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
10 жастағы мектеп оқушысының әкесі өз баласын бір бөлмеде бірі жартылай жалаңаш болған екі әйелмен жатқан жерінен ұстап алған, екінші әйелдің бұл білім беру мекемесіне еш қатысы да жоқ болып шықты. Баланың әкесі Құрманғазы Айтмұқанов бұл оқиғаны әлеуметтік желілердегі топтардың бірінде жариялады.
"6 бөлменің есігін ашып қалған едім, қорқып қалған баламды, оның жанындағы төсекте беліне дейін жалаңаш Бақыт деген тәрбиеші әйел мен мектепке еш қатысы жоқ тағы бір әйелді көрдім", - дейді ол. Оқиғаны Алматы облыстық білім басқармасының өкілдері біліп, қызметтік тексеріс бастап кетті.
"Бұл оқиға жайлы прокуратура өкілдері хабарлады, олар бізге хат жолдапты. Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр, соған байланысты шаралар қабылданады. Әзірше мән-жайды айта алмаймыз, себебі жұмыс әлі аяқталмады", - деді облыстық шенеуніктер.