Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтiшевтi қалай өлтiргенiн көрсеттi (ВИДЕО)

Таразда Тұран Әлем Банкiнiң бұрынғы төрағасы Ержан Тәтiшевтi өлтiрдi деп айыпталып отырған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди iсiне қатысты сот процесi жалғасуда. Бүгiн сот отырысында тараптар Мұратхан Тоқмәдиге қатысты қылмыстық iспен танысып, оның сотқа берген жауаптарын тексердi. Сондай-ақ, тергеу барысында оқиға орнында түсiрiлген видеоны қарады. Видеода Тоқмәди Тәтiшевтi қалай өлтiргенiн көрсеттi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Бейнетүсiрiлiм Ержан Тәтiшевтiң өлiмiн тергеу барысында түсiрiлген. Онда Мұратхан Тоқмәди оқиға болған күндегi, яғни аңға шыққандағы сәттi баяндайды.

«Бiз көлiкпен сағатына шамамен 60 шақырым жылдамдықпен келе жаттық... Ержан маған қаруды берiп жiбер дедi. (Тәтiшев рөлде отырған - авт.) Мен Козликинге (көлiктiң алдында отырған Сергей Козликин - Тәтiшевтiң оққағары - авт.) қаруды бердiм. Ол қорапта жатқан оқпен қаруды оқтап, далаға атпақшы болды. Сонда Ержан қаруды өзiне алып, Козликинге «сен бе аңға келген?» деп, сол жағынан көздеп, бiр рет далаға оқ атты. Одан кейiн Ержан маған қаруды бере бастады. Ал, мен оны осылай аттым», - деп Тоқмәди видеода Тәтiшевтi қалай өлтiргенiн көрсеттi.

Бейнекөрiнiстен байқағанымыздай, Ержан Тәтiшев көлiктiң арт жағында отырған Мұратхан Тоқмәдиге қаруды өзiне қаратып ұсынған. Ал Тоқмәди Тәтiшевтi желке тұсынан басына қарай атып жiберген.